Алматыда жоғалған студентті іздеуге 200 ерікті қосылды

Фотография - Алматыда жоғалған студентті іздеуге 200 ерікті қосылды

Санжардың ата-анасы мен достары қандайда бір із табуға үміттеніп өзен арнасын жағалап үш рет өткен

743 0

С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медецина университетінің 23 жасар студенті Санжарбек Арзиевті іздеуге 200-ден астам ерікті қосылды, деп жазады Today.kz. Алматыға Санжарбектің ата-анасы да келіпті.

Жоғалып кеткен жігіттің досы Азат Нағиевтің айтуынша, ол бір жылдай Санжарбекпен бірігіп баспана жалдап отырған. Екі жігіт те бесінші курста оқиды. Жігіт жоғалып кеткен күні де олар бірге болған, 12 адам бірігіп, Ариевтің туған күнін тойлаған.

Студенттің ата-анасы Қостанайдан келді. Университет оларға жатақханадан бөлме берді.

"Ол басын қатты жаралап алып, не болып жатқанын түсінбей жүрген болар. Оның қызы жоқ еді, соның үйінде деп ойлайтындай. Бейнебақылау камерасы ескі және 30 секундқа өшіп қалды, оның өзенге қарай құлап немесе түсіп бара жатқаны көрініп тұр, ол түні ағыс қатты болатын", - деді Азат Нағиев.

ТЖ кейін Снжарбектің достары бірден оны іздеуге шықты. Түнде олар Есентай өзенінің арнасымен жүріп шыққан. Оған қоңырау шалған, бірақ нәтижесіз.

Естеріңізге салсақ, С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медецина университетінің 23 жасар студенті Санжарбек Арзиев 30 сәуірге қараған түні жоғалып кеткен. Із-түссіз кетерден бұрын ол бейнебақылау камераларына түсіп қалған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!