Мереке күндері 700-ден аса құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Фотография - Мереке күндері 700-ден аса құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Бұрын жасалған 2 қылмыс ашылды. Іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталды.

189 0

"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасының 3 күні ішінде 14 қылмыс және 8 қылмыстық теріс қылық тіркеліп, барлығы кезекші тәулік ішінде ашылды. Сонымен қатар, бұрын жасалған 2 қылмыс ашылды. Іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталды.

Есірткі заттарын сақтаудың 2 фактісі анықталды.

Мәселен, 2 мамыр күні Жамбыл ст. Ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері Жамбыл ст. темір жол вокзалының перронында Тараз қаласының 28 жастағы тұрғынын ұстады. Тексеру барысында ұсталған азаматшадан полиэтиленді пакетінен өзіндік иісі бар, жасыл түсті, өсімдік тектес зат табылып, тәркіленіп алынды. Сараптама қорытындысына сай тәркіленіп алынған зат жалпы салмағы 1 келі 100 граммды құрайтын «кептірілген марихуана» есірткі заты екені анықталды.

Аталған факт ҚР ҚК 296 бабының 4 тармағы (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелі.

Сондай-ақ, көлік полицейлері әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 745 құқық бұзушыны жауапкершілікке тартты, соның ішінде ұсақ бұзақылық үшін – 27, спирттік ішімдіктерді ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде жүру бойынша – 105, белгіленбеген орындарда сауда жасау –63, ҚР келу тәртібін бұзғаны үшін 20 шет елдік азамат ұсталды.

Заңды өкілдерінің ертуінсіз үй жағдайынан тысқары жүрген кәмелет жасына толмаған 4 жасөспірім анықталды.

Уақытша бейімдеу орталықтарына - 12, қабылдап-тарату орындарына – 2 орналастырылды.

Аталған шара шеңберінде 184 адамнан саусақ іздері алынып, фото-бейне есепке қойылды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!