Ермегияевтің адвокаттары айыптаушы жақ ұсынған видеоны қолдан жасалған деуде

Фотография - Ермегияевтің адвокаттары айыптаушы жақ ұсынған видеоны қолдан жасалған деуде

Қорғаушылар бейнетаспаның қиылғандығына назар аударды

568 0


"Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің қорғаушылары айыптаушы жақтың дәлел ретінде ұсынған бейнежазбасына наразылығын білдірді. Жазба АҚ құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновтың кабинетінде түсірілген. Қорғаушылар оны қолдан құрастырылған деп айтуда, деп жазады Today.kz.

Сотта бейнежазба көрсетіліп, онда ТЭН (техникалық экономикалық негіздеме) туралы, оны даярлау және мектеп пен балабақшаның салынуы туралы сөз жүрді. Осыдан кейін Ермегияевтің екі қорғаушысы бірден наразылық танытты.

"Судья мырза, бейнежазба үзіле береді және ондағы адамдардың аяқ-асты пайда болып жатқанына назар салғым келеді", - дейді адвокат Данияр Қанафин.

"Жазба сөзсіз құрастырылған", - деп қолдады әріптесін Алла Котлова.

Кейін судья Әділхан Шайхисламов 52 минуттық бейнежазбаны толық көріп шығуды ұсынды.

"Бұл бейнежазба бойынша сараптама жасалды – міне түсіндіруде", – деді Шайхисламов.

Судьяның бейнежазба турасында қойған сұрағына, Үсенов таспаны мұның алдында көргендігін айтып жауап берді. Оның айтуынша, бұл таспада сотталушының шәй ішіп отырған жері қиылып тасталған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!