Ақтөбе облысында кепілге босатылғандар туралы дау бойынша прокуратура пікірі

Фотография - Ақтөбе облысында кепілге босатылғандар туралы дау бойынша прокуратура пікірі

Қызметін асыра пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

402 0

ҚР Бас прокуратурасының Today.kz редакциясының ресми сұранысына берген жауабында, қарақшылық бойынша ұсталған күдіктілерді негізсіз босатты делінген Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты қызметін асыра пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғаны айтылған. Іс Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның СДТБТ-на тіркелді.

Мұның алдында БАҚ-та Ақтөбе облысының полиция қызметкері мен прокуроры қарақшылық жасаған күдіктілерді босатқан, ал бостандыққа шығысымен олар адам өлтірген делінген болатын. Облысқа ҚР Бас прокуратурасының арнайы прокурорының жетекшілігімен жедел-тергеу тобы жіберілген.

Ал бостандыққа жіберілген күдіктілерге қатысты ҚР Бас прокуратурасында 1978 және 1984 жылдары дүниеге келген Б. Конкаев мен И. Битулин 1 сәуірде қамауға алынғанын хабарлады. Екі адам да "Жалған кәсіпкерлік", "Заңсыз бостандықтан айыру" және "Адам өлтіру" бойынша күдікке ілініп отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!