Алматыда ЖКО кезінде джиптің ауада айналғаны камераға түсіп қалған

Фотография - Алматыда ЖКО кезінде джиптің ауада айналғаны камераға түсіп қалған

Оқиға Тілендиев пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында болды.

689 0

Алматы ірі ЖКО сәттері сыртқы бақылау камераларына түскен, деп жазады Today.kz. Оқиға Тілендиев пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында болды. Жол талғамайтын көлік жаяу жүргіншіден бір метр ғана тұста ауада айналып барып, құрылыс дүкенінің терезесіне соғылған.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota көлігі Қарасай көшесімен келе жатып, басты жолмен келе жатқан Mitsubishi Pajero көлігін өткізбеген. Нәтижесінде Toyota көлігі Mitsubishi-ге соғылады, соққыдан Pajero жаяу жүргіншіден қол созым жерде ауада айналып барып, дүкен терезесіне ұрылған. Ішіндегі адамды куәгерлер көліктен алып шығады.

Ауада айналған көлік тие жаздаған жүргінші әйел, болған жайттан алаңдап кеткендіктен, оқиға орнынан бірден кетіп қалады.  Оқиғаның мән-жаы тексерілуде.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!