Есентай өзенінен өлі табылған адам жоғалған студент болуы мүмкін

Фотография - Есентай өзенінен өлі табылған адам жоғалған студент болуы мүмкін

Қазіргі кезде Санжар Арзиевтің ата-анасы денені тануға қатыспақ

1097 0

Жоғалып кеткен студент Санжар Арзиевті іздеушілер 4 мамыр күні Есентай өзенінен белгісіз адамның денесін тапты. Арзиевтің туыстары денені тануға қатыспақ, деп жазады Today.kz Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Полициядан хабарлағандай, Санжарбек Арзиевті іздеу жұмыстары өзендегі су деңгейінің жоғарлағанына байланысты қиын болып тұр. Іздеу жұмыстарын жеңілдету үшін ТЖД қызметкерлері суды қатар арналармен жіберіп, су деңгейін айтарлықтай төмендеткен.

"Табылған адам Санжар Арзиев болуы мүмкін. Қазіргі кезде сот-медециналық сараптама тағайындалды. Жедел-тергеу тобы тергеу жұмыстары аясында оқиғаның егжей-тегжейін анықтауда", - дейді баспасөз қызметінен.

Естеріңізге салсақ, С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медецина университетінің 23 жасар студенті Санжарбек Арзиев 30 сәуірге қараған түні жоғалып кеткен. Із-түссіз кетерден бұрын ол бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Оны іздеуге келесі күні 200 адам қосылған. Кейін бұл жұмыстарға сүңгуірлер тартылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!