Қазақстанға жарты тоннаға жуық дәрі-дәрмек кіргізбек болған

Фотография - Қазақстанға жарты тоннаға жуық дәрі-дәрмек кіргізбек болған

25 жастағы отандасымыздың да 400 кг жүгінің тиісті құжаттары болмай шықты.

199 0

Қазақ-қытай шекарасында жарты тонна дәрі-дәрмек өткізбек болғандардың жолы кесілді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.
"Қорғас" бақылау-өткізу бекетінде дәрі-дәрмек өткізудің екі дерегі тіркелді. Шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығынан келе жатқан 41-жастағы қазақстандық азаматшаның 67 килограмм жүгінің тиісті құжаттары болмай шықты. Осы бағытта келе жатқан 25 жастағы отандасымыздың да 400кг жүгінің тиісті құжаттары болмай шықты", — делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша,  дәрі-дәрмектердің барлығы Қытай елінде шығарылған. Ұстау деректері бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!