Рудный қаласында полицейлер ұрылар тобын ұстады

Фотография - Рудный қаласында полицейлер ұрылар тобын ұстады

Полицияға олар ұсталмас бұрын түскен арыздарға сәйкес адамдардың ұрланған заттары қайтарылды.

180 0

Рудный қаласында полицейлердің қырағылығы арқасында автомобиль тонайтын дәніккен ұрылар тобы ұсталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Рудный қаласындағы №256 жол-патрульдық полициясының құрамында жергілікті полицей Рауан Нұршатаев және полиция аға сержанты Елмұрат Жақсылықов бар автопатрулі түнде беймезгіл жүрген "Лифан" жеңіл машинасын тоқтатты. Машина багажынан 8 аккумулятор, видеотіркегіштер, антирадарлар, навигаторлар салынған сөмке табылды. Рудный қаласының 20 және 23 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олардың бүгінде автомашиналарды тонауға әбден дәніккен ұрылар екені анықталды, олардың қолымен жасалған оннан астам ұрлық анықталды.

Полицияға олар ұсталмас бұрын түскен арыздарға сәйкес адамдардың ұрланған заттары қайтарылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!