Алматыда "Юбилейный" супермаркеті өртенді

Фотография - Алматыда "Юбилейный" супермаркеті өртенді

Зардап шеккендер мен қаза болғандар туралы ақпарат жоқ

717 0

Алматының Алмалы ауданында, Гоголь мен Абылайхан көшелерінің қиылысында жеті қабатты үйдің астында орналасқан "Юбилейный" супермаркеті өртенді, деп жазады Today.kz.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар туралы ақпарат жоқ. Өрт шарпыған аумақ 800 квадрат метрді құрады. Құтқару қызметі үй тұрғындарын қауіпсіз жерге шығарды.

Өрт сөндіру қызметіне шақырту 04:37-де түскен. Өрт дүкенге қосымша Korova Bar тұсынан салынған құрылыстың төбесінен басталған. ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәліметінше, 5:23-те Korova Bar-да газ балоны жарылған. 05:52-де өрт ауыздықталған, ал 06:36-да өрт толықтай өшірілді.

Көп қабатты үйден тоғыз адам құтқарылды, 56 адам қауіпсіз жерге көшірілді, соның ішінде алты бала бар.


 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!