"Юбилейныйдағы" өрт куәгері: өрт сөндірушілер суды ұзақ қоса алмай жүрді

Фотография - "Юбилейныйдағы" өрт куәгері: өрт сөндірушілер суды ұзақ қоса алмай жүрді

Ер адамның отбасы дүкен орналасқан үйде тұратын

701 0

Алматыда куәгерлер "Юбилейный" супермаркеті орналасқан көп қабатты үйдегі өрт туралы айтып берді, деп жазады Today.kz. Сергей Григорьянц пен оның жұбайы түн ортасында оянып Korova Bar тұсынан будақтаған түтінді көріп, балаларын туыстарына апарып тастаған.

"Өрт сөндірушілер келгенде ұзақ уақыт суды қоса алмады – екі шлангпен ғана су берді, содан өрт шарпи берді де, неге екені өрт оңға қарай ауды. Өр алтыншы кіре беріске жақаын болғанымен, бесінші кіре беріс өртенді", - дейді ер адам.

Оның айтуынша, адамдарды балконнан да құтқарып жатқан.


Саясат Фархат атты куәгердің айтуынша, тұрғындар қатты қорыққанымен бір-біріне көмектескен. Куәгер қауіпсіз жерге көшірілген адамдарға әкімдік адамдары ыстық тамақ әкелгенін айтады. Өрт қатты болған, және ол оны бейнетаспаға түсіріп алған:


"Мұнда менің ағам тұрады. Түнгі үш жарымдарда түтін иісі келе бастады, көршілер де өрт деп айқай салды. Өрт Korova Bar-дан басталды. Ол кезде бар жұмыс істеп жатты ма білмеймін. Сосын өрт "Юбилейныйға" көшті. Ары қарай өрт жоғары шарпыды, сөндірушілер оны ауыздықтап үлгермеді, өте қатты болды.

Кейбір адамдар чемондандарға салып, мүліктерін алып шығып үлгерген. Ададмдар бірнеше сағат далада жаңбыр астында тұрып, тарай бастады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!