Көлік полициясы мас күйде шу шығарған қызды ұшақтан түсіріп тастады

Фотография - Көлік полициясы мас күйде шу шығарған қызды ұшақтан түсіріп тастады

Аталған жолаушының Қырғыстан Республикасының 1994 жылы туылған азаматшасы екені анықталды

254 0

8 мамыр күні сағат 00.55-те Алматы қаласы әуежайының Желілік полиция бөліміне Air Astana әуе компаниясының өкілінен "Алматы-Куала-Лумпур" рейсіндегі ұшаққа отырғызу кезінде 12 тұрақта мас күйіндегі жолаушы анықталғаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Ол дөрекілік танытып, ескертулерге құлақ аспаған, жолаушылар мен борттағы жолсеріктерді балағаттаған, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызмет.

Аталған жолаушының Қырғыстан Республикасының 1994 жылы туылған азаматшасы екені анықталды. Аталған әкімшілік құқық бұзушылыққа сәйкес, Алматы әуежайының ЖПб қызметкерлері оны аталған рейстен түсіріп тастады.

Көлік полицейлері ұсталған азаматшаның үстінінен 2 бап, яғни, ҚР ҚК "Әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзу" және "Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу" бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Сонымен бірге "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 789 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды.

Тіркелген қылмыстар мен қылмыстық теріс қылықтар саны – 27.

Іздеуде жүрген 1 қылмыскер ұсталды.

ҚР-на келу тәртібін бұзған 11 шетелдік азамат ұсталды.

Аталған шара барысында 180 адамнан саусақ іздері алынып, фото-бейне есепке қойылды.

Еске сала кетейік, 7 және 10 мамыр аралығында ҚР ІІМ Көліктегі ІІД қызмет көрсету аумағы бойынша «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!