ІІД екі жасар Эллина Кульдинаның жоғалып кеткен күнгі суретін жариялады

Фотография - ІІД екі жасар Эллина Кульдинаның жоғалып кеткен күнгі суретін жариялады

Қыз бала 10 мамыр күні жоғалып кеткен

4702 0

Ақмола облысында екі жасар Эллина Кульдинаны іздеу жалғасуда. Қыз бала 10 мамыр күні Қабанбай батыр ауылынан асқан беттегі Нұра өзенінің маңында, отбасылық демалыс уақытында жоғалып кеткен. Полиция қыздың жоғалып кеткен күнгі түсірілген суретті ұсынды, деп жазады Today.kz.

Балақайды іздеуге полиция, сүңгуірлер мен көптеген еріктілер тартылды.

Полицияның алдын ала болжамы бойынша, қыз бала ата-анасының көзінен таса қалып қалған кезде суға құлаған. Элинаның үстінде хакки түсті куртка, сары түсті шалбар, қызыл түсті красовка мен түрлі түсті бас киімде болған.  

Белгілері: бойы 85-90 сантиметр, арықтау келген, қой көзді, шашы қысқа сары, таңқы мұрынды.

Қыз баланың орналасқан жері туралы қандайда ақпарат болса мына телефондар арқылы хабарласуын өтінеді: 8 716 51 25 00 2  немесе 102.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!