Астанада "Столичный-2", "Аниса" және "Коктал-2" ТК-ның үлескерлерін іздеуде

Фотография - Астанада "Столичный-2", "Аниса" және "Коктал-2" ТК-ның үлескерлерін іздеуде

Айдын Байжұманов атты кәсіпкер пәтерлерді бірнеше адамға сатқан деп күдікке ілінуде

259 0

Астана полициясы "Төленді" ТҚК құрылысшысының әрекетінен зардап шеккен адамдарды іздеуде, деп жазады Today.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Полицияның хабарлауынша, кәсіпкер пәтерлерді бірнеше адамға сатумен айналысқан.

Сатып алуышалрды алдаған күдікті Айдын Байжұманов 2016 жылдың 20 сәуірінде ұсталған және УҚА-ға қамалды.

"23 сәуірде Айдын Байжұмановқа қатысты Астананаың Сарыарқа аудандың №2 соты кепілге босатуға рұқсат берді. ІІД істі тергеуді жалғастыруда", - деп хабарлады құқық қорғау органынан.

Полиция бұл азаматтың істерінен зардап шеккендерді және қандайда бір ақпарат білетін адамдарды мына телефондар арқылы хабарласуын сұрайды: 8 (7172) 71-62-13 немесе 8 (702) 438-67-67.

Естеріңізге салсақ, 12 мамыр күні Астана ІІД қызметкерлері Dream Life ЖШС әрекеті салдарынан зардап шегушілерді де іздеп жатқаны белгілі болған. Мұның алдында БАҚ-та Dream Life ЖШС бүкіл Қазақстан бойынша, соның ішінде Астанада да, жылжымайтын мүлікті "Общий Дом" тұтынушылық кооператив арқылы пайызсыз бөліп төлеуге беріп жатқаны хабарланған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!