Астанада пәтерлерді бір емес, екі рет сатқан алаяқ ұсталды

Фотография - Астанада пәтерлерді бір емес, екі рет сатқан алаяқ ұсталды

20 сәуірде Айдын Байжұманов тұтқындалып, Астана ІІД уақытша ұстау абақтысына қамалды.

350 0

Астанада пәтерлерді бір емес, екі рет сатып алаяқтық жасаған "Төленді" ТҚК төрағасы Айдын Байжұманов ұсталды, деп хабарлайды BNews.kz.

Астана ішкі істер департаменті "Төленді" ТҚК төрағасы Айдын Байжұмановқа қатысты ҚР ҚК 190-бабы, 4-тармағы, 2-тармақшасы бойынша (аса ірі көлемдегі алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ол "Столичный-2" (Абай көшесі мен Сарыарқа даңғылының қиылысы), "Аниса" (Қорғалжын тас жолы) және "Көктал-2" (Тілендиев көшесі мен Ұлытау көшесінің қиылысы) көп қабатты тұрғын үйлерін салған.

Күдікті 2013 пен 2015 жылдар аралығында пәтерлерді бір емес, екі рет сатып, алғашқы сатып алушылардың құқығын бұзған.

Биыл 20 сәуірде Айдын Байжұманов тұтқындалып, Астана ІІД уақытша ұстау абақтысына қамалды.

23 сәуірде №2 Сарыарқа аудандық соты А.Байжұмановқа қатысты «кепіл» түрінде бұлтартпау шарасын таңдау туралы шешім шығарды,  деп хабарлайды елордалық ІІД баспасөз қызметі.

Астана ІІД Тергеу басқармасы тергеу амалдарын жалғастырып жатыр, сол себепті полиция "Төленді" ТҚК басшысының алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан 71-62-13, 8-702-438-67-67 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!