Ақтөбеде даладағы дәретханадан жаңа туған қыз бала табылды

Фотография - Ақтөбеде даладағы дәретханадан жаңа туған қыз бала табылды

Қазіргі таңда табылған нәресте перзентхана дәрігерлерінің бақылауында.

1131 0

Полицейлер Ақтөбеде даладағы дәретханадан табылған қыз баланың анасын іздестіріп жатыр деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

"12 мамыр күні түнгі сағат он екі жарым шамасында Ақтөбе қаласы ІІБ жедел басқару орталығының 102 телефонына қала тұрғыны хабарласып, үйінің ауласындағы дәретханадан қапқа оралған қыз баланы тауып алғандығы жөнінде ақпарат жеткізді", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда табылған нәресте перзентхана дәрігерлерінің бақылауында,

"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр",-деп қорытындылады ІІД-тен.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!