Жер көшкіні салдарынан Медеуге жол жабылды

Фотография - Жер көшкіні салдарынан Медеуге жол жабылды

Мохнатка тауының шығыс бөктерінде сағат 07.45-те топырақтың қайта ылғалдануынан лай-тас көшкіні жүрді.

296 0

Медеуге жол апаттық-құтқару жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жабылды.
Лай-тас көшкіні салдарын жою бойынша апаттық-құтқару жұмыстарының жүргізілуіне байланысты  "Медеу" спорт кешеніне жол жабылды деп хабарлады журналистерге Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Оның мәліметінше, бейсенбіде, Мохнатка тауының шығыс бөктерінде сағат 07.45-те топырақтың қайта ылғалдануынан лай-тас көшкіні жүрді, оның көлемі шамамен  700 текше метр, оның 220 текше метрі  Медеу-Шымбұлак жолына түсті.
"Медеуге жол апаттық-құтқару жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жабылды ", — деп хабарлады ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!