Оралда өзен арнасынан тасып, қала жағалауын су басты

Фотография - Оралда өзен арнасынан тасып, қала жағалауын су басты

Гранит тақталар мен қырлы тастар су астында қалды. Су сорылғаннан кейін олар бүлініп қалады.

254 0

Оралда Жайық өзені арнасынан тасып, жағалауды су басты, деп хабарлайды BNews.kz. Нысанның құрылысына 450 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған еді.

Су деңгейі төмендейтін емес, керісінше молайып жатыр. Жағалаудың бірінші сатысы түгелдей су астында, тасыған су екіншісіне таяп қалды. Қала тұрғындары су деңгейінің көтерілгенін өз көздерімен көру үшін жағалау маңына жиналған.

"Гранит тақталар мен қырлы тастар су астында қалды. Су сорылғаннан кейін олар бүлініп қалады", - дейді Виталий Сенчуков.

Қалалық әкімдіктегілер жағалау құрылысына 450 млн теңгеден астам қаржы жұмсалғанын атап өтті.

"Келісімде көрсетілген шарттар бойынша мердігер ұйым жағалаудың жай-күйін 8 жыл бойы бақылауында ұстайды. Өзен арнасына түсіп, су бәсеңдегеннен кейін бүлінген жерлерді олар жөндейді. Жобада жағалауды су басып қалу жағдайы ескерілген", - деп атап өтті Орал әкімінің орынбасары Ғалым Ұрынғалиев.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!