Ақтөбеде ер адам өзгемен көңіл қосқан әйелін тұншықтырып өлтірді

Фотография - Ақтөбеде ер адам өзгемен көңіл қосқан әйелін тұншықтырып өлтірді

Қазіргі таңда күдікті уақытша тергеу изоляторында отыр. Оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.

933 0

Ақтөбе облысында ер адам өзінің жаңа сүйіктісінің атын атаудан бас тартқан әйелін тұншықтырып өлтірген.

Бұл туралы time.kz сайтына сілтеме жасаған stan.kz хабарлайды.

Қарғалы ауданында дәрігер болып істейтін әйел өзінің күйеуіне өзге ер адамды сүйіп қалғанын, ендігі өмірін сонымен жалғастыратынын айтады. Қайғылы оқиға да осы күні орын алған. Әйелінің бұл қылығына ашуланған күйеуі әлгі ер адамның есімі кім деп сұрақтың астына алады. Алайда әйелі оның атын атаудан бас тартқан.

Ақыры ашуға булыққан күйеуі оны шарфпен қылқындырады. Есінен танып еденге құлап түскен әйел, көз жұмған. Кейін жүргізілген сараптама нәтижесінде әйелдің тұншықтыру нәтижесінде қайтыс болғанын анықтаған.

Қазіргі таңда күдікті уақытша тергеу изоляторында отыр. Оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!