ШҚО-да із-түссіз жоғалып кеткен 14 жастағы қыз өлі күйінде табылды

Фотография - ШҚО-да із-түссіз жоғалып кеткен 14 жастағы қыз өлі күйінде табылды

Қайғылы оқиғаны қыздың туыстары 12 мамыр күні білген.

1226 0

ШҚО-ның Шар қаласы маңынан былтырғы жылдың қыркүйек айында жоғалған 14 жастағы Айым Ұлтомбаеваның мәйіті табылды. Бұл туралы stan.kz хабарлайды.

Қайғылы оқиғаны қыздың туыстары 12 мамыр күні білген. Жақындарының айтуынша, қыздың денесін қала тұрғыны тауып алған.

"Кеше біз әлдебіреудің өзеннен қолы шығып жатқан мәйітті көріп, полицияға хабарлағанын естідік. Ол Айымның мәйіті емес шығар деп үміттенгенбіз, алайда олай болмай шықты. Анасы оның өз қызы екенін таныды. Бүгін денені алып, ертең жерлейміз. Полиция әлі бұл жайлы ешқандай ақпарат берген жоқ", – дейді қайтыс болған қыздың туысқан ағасы.

Шығыс Қазақстан полицейлері бұл іске арнайы сараптама тағайындалғанын, қазір тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

Айта кетейік, Айым Ұлтомбаева 12 қыркүйек күні түн ішінде жоғалып кеткен. Оның сырт киімі мен ұялы телефоны, барлық заттары орнында қалған. Жақындары оны діни экстремистер ұрлап кеткен болуы мүмкін деп қауіптенген. Оны полицейлер мен еріктілер іздеп еш нәтиже болмаған еді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!