ОҚО полицейлері 17 жастағы студент қызды іздестіріп жатыр

Фотография - ОҚО полицейлері 17 жастағы студент қызды іздестіріп жатыр

Ол Жетісай –Шымкент жолы бойында жол-жөнекей көлікке отырып, Шымкентке жетуі тиіс болған.

999 0

ОҚО-да 17 жастағы студент қыз іс-түссіз жоғалып кетті. ОҚО ІІД іздестіру шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.

11 мамыр күні Сарыағаш АІІБ түнгі он екілер шамасында 53 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 10 мамыр күні сағат шамамен 15:00-де 1998 жылы туған қызы Оспанбекова Әйгерімнің Шымкент қаласына оқуға кеткен бойда жоғалғанын айтқан, деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Аталған факті Сарыағаш АІІБ тіркеліп, іздестіру шаралары қолға алынды. Полицейлерге белгілі болғанындай, жас қыз демалыс күндері ата-анасының үйіне келіп, 10 мамыр күні сағат 15:00 шамасында заттарын жинап, үйден шыққан. Ол Жетісай –Шымкент жолы бойында жол-жөнекей көлікке отырып, Шымкентке жетуі тиіс болған.

Бүгінгі таңда ОҚО ІІД басшысының бұйрығымен Оңтүстік Қазақстан ІІД және Сарыағаш АІІБ криминалдық полицияның тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы іздестіру тобы құрылды. Полицейлер тиісті жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Барлық қалалық ІІБ іс-түссіз жоғалған Әйгерім Оспанбековаға тұспалдама жолданды.

Қыздың ерекше белгілері: бойы 160-165, дене бітімі орташа, шашы ұзын қоңыр, қой көзді. Үстінде алдыңғы бетінде ақ түсті жүректің суреті бар қызыл футболка, қошқыл көк джинсы, қара түсті кеды, қолында сұр түсті сөмке, жүк сөмкесі және сары түсті қол сөмкесі, құлағында ромбик пішіндес сырғасы болған.

Оңтүстік Қазақстан полицейлері облыс тұрғындары мен жоғалған қызды көрген жандар бар болса полицияға "102" нөміріне хабарласуды сұрайды. 





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!