Судья Ермегияев пен оның қорғаушысына тағы да ескерту жасады

Фотография - Судья Ермегияев пен оның қорғаушысына тағы да ескерту жасады

Бұл жолы Ермегияев пен оның қорғаушысы Алла Котловаға өзге адвокаттар шағымданды

347 0

16 мамыр күні "Астана ЭКСПО-2017" көрмесінен ақша жымқыру бойынша сот барысында судья Талғат Еермегияев пен оның адвокаттарының бірі – Алла Котловаға ескерту жасады. Бұл жолы олардың үстінен өзге сотталушылардың адвокаттары шағым айтты, деп жазады Today.kz.

Сот залында "АДС Компани" ЖШС бухгалтері Марс Шормановтан сұрау алу барысында адвокат Күлжан Ержанова судьядан Котловаға сөздерді қайталап, күліп отырғаны үшін ескерту жасауын сұрады. Осы кезде өзге адвокатта өзін тәртіпке сай ұстамай, күліп отырған Ермегияевқа да ескерту жасауын сұрап әріптесін қолдады.

Судья Әділхан Шайхисламов та әр кезде Котлованың қылықтарына ашу білдіріп отырғанын айта кету керек.

Естеріңізге салсақ, Әділхан Шайхисламов 5 сәуір күні де Ермегияевқа сот залындағы күлкісі үшін ескету жасаған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!