Полиция 300 литр дизельдік жанармай ұрлаған теміржолшыларды ұстады

Фотография - Полиция 300 литр дизельдік жанармай ұрлаған теміржолшыларды ұстады

Заттай айғақтар тәркіленіп алынды.

121 0

Ағымдағы жылғы 16 мамырда Семей ст. Ішкі істер желілік полициясының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Семей ст. жүк паркіндегі тепловоздан жалпы көлемі 300 литр дизельдік жанар-жағар майды ұрлаған 3 ер азаматты ұстады, деп хабарлайды Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі.

Тексеру барысында көлік полицейлері Локомотив депосының 3 қызметкерінің аталған қылмысқа қатысы бар екендіктерін анықтады. Олардың жастары 29, 41 және 42-де болып шықты.

Заттай айғақтар тәркіленіп алынды.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 189 бабына (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.і



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!