Ақмола облысында мас күйде полицейді ұрған адам сотталды

Фотография - Ақмола облысында мас күйде полицейді ұрған адам сотталды

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты азамат заң қызметкеріне күш қолданған қатысты қылмыстық іс қарады.

204 0

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты азамат заң қызметкеріне күш қолданған қатысты қылмыстық іс қарады, деп хабарлайды Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот қызметінің ақпаратына сай, полиция тоқтатқан көлік иесі ішімдік тексеру барысында ішімдік ішкені байқалады. Медициналық куәландырудан өту туралы полиция қызметкерінің заңды талабына құқық бұзушы құқық қорғаушының бетінен соққы жасаған.

"Сот үкімімен азамат М. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 380-бабының 1-бөлігімен ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану") көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығын шектеумен, 240 сағатқа мәжбүрлеп еңбекке тарту түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар, оған қатысты пробациялық бақылау орнатылды", делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!