Шахтинскіде соғыс ардагерін өлтірген нашақор мен ішкішке қатысты үкім шықты

Фотография - Шахтинскіде соғыс ардагерін өлтірген нашақор мен ішкішке қатысты үкім шықты

Владимир Пак 8,5 жылға, Александр Терешко - 5,5 жылға сотталды.

192 0

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының соты Екінші дүниежізілік соғыс ардагері Виктор Филимоновты тонаған Владимир Пак пен Александр Терешкоға қатысты үкім шығарды, деп жазады Today.kz . Судья Мағауя Балапанов Владимир Пакты 8,5 жылға және Александр Терешконы 5,5 жылға қатаң режимдегі колонияға кесті.

Сонымен бірге сот барысында сотталушының біріне есірткіден, ал екіншісіне алкоголизмнен күштеп емдеу тағайындалды.

Сот кезінде көз жұмған ардагердің қызы Наталья Копылованы арызы жартылай қанағаттандырылып, сотталушылардан моральдық шығын ретінде бір миллион теңге өндірілетін болды.

Естеріңізге салсақ, тергеу нұсқасы бойынша Владимир Пак және Александр Терешко 89 жасар Виктор Фалалеевтың пәтеріне кіріп, оны соққыға жыққан. Содан кейін 35 мың теңге, спорт киімін, қалта телефоны мен қарақұмық, күріш пен күнбағыс майы түріндегі азық-түлікті де алып кеткен.

Сарапшылар анықтағандай, қарияның барлық саусақтары, екі жақтан да қабырғалары сынған, бүйрегін соғып тастаған, жағы мен жамбас сүйегі де сынған. Сот барысында күдіктілер кінәсін мойындамады және бұл істерін өзін қорғау әрекеті болды деп куәлік берген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!