Полиция атырау тұрғынынан киік мүйіздерін тәркіледі

Фотография - Полиция атырау тұрғынынан киік мүйіздерін тәркіледі

Көлік полицейлері Атырау станциясында сирек кездесетін жануарларды аулауға қатысты 7 деректі анықтады

242 0

Атырау станциясындағы Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері "Бекіре - 2016" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында "Атырау-Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызының вагондарының бірінде Атырау қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Тексеру барысында ұсталған азаматтан сәйкестендірілген құжаттарынсыз 200 дана киік мүйіздері табылып, тәркіленіп алынды.

Аталған факт ҚР ҚК 339 бабы, яғни, жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерімен заңсыз айналысу бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылғы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Орал-Каспий бассейні аумағында «"екіре - 2016" ЖПІШ өткізілуде. Осы іс-шара басталғаннан бері көлік сақшылары жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерімен заңсыз айналысудың 7 фактісін анықтады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!