ОҚО-да алты жасар баланы ұрлауға күдікті әйелдің ес дұрыстығы тексерілуде

Фотография - ОҚО-да алты жасар баланы ұрлауға күдікті әйелдің ес дұрыстығы тексерілуде

Қазіргі кезде әйел стационарлық жағдайда қамауда отыр.

290 0

Оңтүстік Қазақстан облысында алты жасар Мұхаммед Қазбекұлын ұрлау бойынша істің тергеуі жалғасуда. Аймақтық ІІД-нен хабарлағандай, баланы ұрлады деген күдікті әйел стационарлық жағдайда қамауда отыр.

"Қазір барлық қажетті сараптамалар жүргізілуде, соның ішінде сот-медециналық сараптама да. Бұл әйел адамның қылмысты қандай жағдайда жасағанын – есі дұрыспа, жоқ па соны анықтау үшін қажет. Сараптама бір айдан үш айға дейін жүруі мүмкін. Есі дұрыстығы туралы тексеріс жасалғаннан кейін іс сотқа жөнелтіледі", - дейді баспасөз қызметінен.

Естреіңізге салсақ, 20 ақпанда Ордабасы ауданында алты жасар бала жоғалып кеткен болатын. Балақай 23 ақпанда табылды. Қазбекті ұрлаған әйел бар кінәсін мойындаған. Сонымен бірге ол 2013 жылы қыз баланы да ұрлап кеткенін мойындаған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!