Элинна Кульдинаны іздеуде муляж пайдаланылды

Фотография - Элинна Кульдинаны іздеуде муляж пайдаланылды

Еріктілер тоғай маңдарын да қарауға кірісті

494 0

Жоғалып кеткен екі жасар Эллина Кульдинаны іздеуде баланың салмағына сәйкес муляждар пайдаланылды, деп жазады Today.kz тілшісі оқиға орнынан. Қолда бар заттардан жасалған макеттерді сүңгуірлер өзен ағысымен жіберді.

Ерікті Айгүл Ескендірованың айтуынша, муляж ретінде су толтырылған бес литрлік пластмас құмыралар пайдаланылған. Қолда бар құралдар осы ғана болған. Муляждар тоқтаған жердегі тереңдіктерді сүңгуірлер тексеріп отырған, өкінішке қарай бұл амал нәтиже бермеген.

Естеріңізге салсақ, алғашқы күндері іздеу шараларына Астана қаласы ТЖД-ның тік ұшғаы пайдаланылған. Дегенмен одан да нәтиже шықпады. Ал іздеуге арналған иттер құтқарушыларды өзенге әкелген.

Тағы бір ерікті Ислам Ұғышевтің айтуынша, өзен арнасы бірнеше рет тексерілді, ендігі ой бала демалыс орнына жақын тоғай арсына кеткен болуы мүмкін. Ол жақ балшықты жер. Іздеу аумағын кеңейту үшін тағы адамдар қажет және көбіне ер адамдар болса деген тілектер де бар.

Еріктілер топ-топқа бөлініп тоғай аумағын шарлап көрмек, ендігі жерде сол тұстан қандайда бір іздер табыларына үміт артып отыр.

Естеріңізге салсақ, екі жасар Эллина Кульдина 10 мамыр күні отбасылық демалыс кезінде Нұра өзенінің бойында жоғалып кеткен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!