Көкшетауда оқытушыны өлімші етіп сабаған курсанттың жазасы жеңілдетілді

Фотография - Көкшетауда оқытушыны өлімші етіп сабаған курсанттың жазасы жеңілдетілді

Кембағал болып қалған педагог ем алуды жалғастыруды қажет етуде

596 0

Оқытушыны соққыға жыққаны үшін сотталған Көкшетаудағы жоғары техникалық мектеп курсантының жазасы бостандықты шектеумен алмастырылды, деп жазады Today.kz. Естеріңізге салсақ, Артем Валерин денсаулыққа зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, бес жылға бастандығынан айырылған болатын.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауыгша, сотталушыға пробациялық бақылау қойылды: ол тұрғылықты жерін ауыстыруға, ойын-сауық орындарына баруға, арнайы органның рұқсатынсыз облыс аумағынан шығуға құқы жоқ.

Оқиға 2014 жылдың қараша айында болған. Төбелес үзіліс кезінде орын алған. Оқушылар үзіліске шулай шыққан сәтте физика мұғалімі Саят Қапаров Артем Валеринге ескерту жасаған. Бұған жауап ретінде оқушы мұғалімді соққыға жығып, талып қалған кезде ғана сабасына түскен. Дәрігерлер зардап шегушіге бас сүйек трепанациясын жасап, ісіктерді кетірген. Бұдан кейін педагог тағы да екі рет операцияны бастан өткізген. Ол қазірге дейін ем алуда. Бұрынғы оқутышы кембағал болып қалған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!