Ермегияевтің пәтері кімнің қаржысына жөнделгені туралы оның інісі айтып берді

Фотография - Ермегияевтің пәтері кімнің қаржысына жөнделгені туралы оның інісі айтып берді

Бақытжан Ермегияевтің айтуынша, ол үй параға эөнделмеген.

1778 0

"Астана ЭКСПО-2017" көрмесінен ақша жымқыру ісі бойынша өтіп жатқан сот барысында ұлттық компанияның бұрынғы басшысының інісі Бақытжан Ермегияев сөз алды, деп жазады Today.kz

Оның айтуынша, Астанадағы алынған парамен жөндетілді деген пәтердің Талғат Ермегияевқа емес өзіне тиесілі. 24 миллион теңгені құраған жөндеу жұмыстарының ақысын ол өз қалтасынан төлеген.

Бақытжа Ермегияев Алматы базарларының бірінде бақылаушы болып істейтінін және мал шаруашылығымен айналысатындығын жеткізді. Пәтерді ол 2000 жылы 10-15 мың долларға алған, бірақ онда мүлде тұрмаған. Ол үйдің кілтін әкесіне берген, ал әкесі өз кезегінде оны Талғат Ермегияевқа берген.

Оның сөзінше, пәтер жөндеуге арналған қаражатты ол ағасымен жиі көретін Айдос атты кісіге қолхат арқылы берген. Ол қаржыны құрылыс компаниясына беру керек болатын, ал пәтердің кілті ағасының жүргізушісінде болған.

Ал куәлік беру кезінде неге өзге сөздер айтылды деген сұраққа ол ауылда өскенін және орысша жақсы білмейтінгін айтты. Ал жөндеуге арналған ақшаны беру туралы қолхатты неге көрсетпегінін сұрағанда, оны ешкім сұрамағанын айтты.

Айта кетейік, Бақытжан Ермегияев куәгер ретінде қорғаушы адвокаттардың ешбірімен шақырылмаған. Сотттың өтер орны мен уақытын БАҚ-тан біліп, сотқа өз еркімен кегенін айтады.

Естеріңізге салсақ, осының алдында мердігер компаниялардың бірі Southfork LTD ЖШС қызметкері Саят Еркебұлан сот барысында Ермегияевтің пәтерін жөндеу туралы айтқан. Оның сөзінше, фирманың есебінен пәтерге күрделі және косметикалық жөндеу жүргізілген. Ал пәтер дизайнымен итальяндық сәулетші Пьер-Андре Беллонио айналысқан.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!