Полиция ҚР аумағында 8 жыл заңсыз жүрген ер азаматты ұстады

Фотография - Полиция ҚР аумағында 8 жыл заңсыз жүрген  ер азаматты ұстады

Тергеу амалдары жүргізілуде.

369 0

"Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қандыағаш стансасындағы Желілік полиция бөлімі қызметкерлері Қандыағаш ст. қабылдап-тарату орнындағы ер азаматтың жеке басын анықтады. Ол Ресей Федерациясы Уссурийск қаласында туған 44 жастағы азамат болып шықты, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Тексеру барысында анықталғандай, құқықбұзушы 2008 жылы "Бейнеу" бақылау-өткізу пункті арқылы Қазақстан Республикасың Мемлекеттік шекарасын кесіп өтіп, содан бері Қазақстан Республикасының аумағында тіркеусіз жүрген.

Аталған факт ҚР ҚК 392 бабының 1 тармағы бойынша (ҚР Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) сотқа дейінгі тергеудіің бірыңғай реестрінде тіркелді.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, Көліктегі ІІД қызмет көрсету аумағында 16 және 20 мамыры аралығында "Заңсыз келуші" ЖПІШ өткізілуде.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!