Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев мерзімінен бұрын босатылады

Фотография - Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев мерзімінен бұрын босатылады

Қалған бір жыл төрт ай мерзімін Әбдішев пробациялық бақылауда өткізеді

458 0

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылады. Тараптарда шешімді өзгерту үшін 15 күн уақыты бар, деп жазады Today.kz сот залынан.

Судья Жұмағүл Шүженов АК 159/1 ДУИС түзеу мекемесінің тәрбиелеу бөлімі бастығының оңды мінездемесі мен сотталушы жазасының жартысын өтегендіктен прокуратураның берген келісімен ескере отырып, Әбдішевтің арызын қанағаттандырды. Ол сот залынан бірден босатылды.

Естеріңізге салсақ, 2015 жылы 11 желтоқсанда қылмыстық істер бойынша арнайы сот Бауыржан Әбдішевті бес жылға бас бостандығынан айырған. Облыстық соттың аппеляциялық коллегиясы 2016 жылы 14 наурызда оның жазасын бес жылдан үш жылға қысқарту арқылы жеңілдеткен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!