Көлік полициясы жыл басынан 25 мыңнан аса құқық бұзушыны жауапқа тартқан

Фотография - Көлік полициясы жыл басынан  25 мыңнан аса құқық бұзушыны жауапқа тартқан

Мысалы, қоғамдық орындарда тиісу бойынша 352 құқық бұзушыны жауапқа тартылды

277 0

Көліктегі ІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың басынан бері барлығы 25 мыңнан астам азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы көлемі 36 млн-ға жуық теңгені құрады, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Мысалы, көлік полицейлері қоғамдық орындарда тиісу, яғни, ҚР ӘҚБтК 449-бабы бойынша 352 құқық бұзушыны, соның ішінде 189 таксистті әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Айталық, Павлодар қаласының темір жол вокзалында қайыршылығы үшін Павлодар қаласының 52 жастағы тұрғыны ұсталды.

Азаматша бұрындары өзіне әкімшілік жаза қолданылғанына қарамастан бір жыл көлемінде аталған құқық бұзушылық әрекетін қайталаған.

Ұсталған азаматша Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімен ҚР ӘҚБтК 449-бабының 2-бөлігі бойынша (Қоғамдық орындарда тиісу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 тәулікке қамауға алынды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!