Жоғалып кеткен Эллина Кульдинаның ата-анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Фотография - Жоғалып кеткен Эллина Кульдинаның ата-анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Баланы іздеу жұмыстары жалғасуда

1719 0

Полиция Ақмола облысында Нұра өзенінің маңында отбасылық демалыс кезінде жоғалып кеткен екі жасар Эллина Кульдинаның ата-анасына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп жазады Today.kz аймақтық ІІД-ге сілтеме жасай отырып.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчуктің хабарлауынша, ата-анаға қатысты ҚР ҚК 141-бабы "Балалардың өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін қамтамассыз ету міндетін дұрыс атқармау" бойынша іс қозғалды. Сонымен бірге жағдайдың барлығы қыздың суға кеткеніне сілтеп тұр дейді ол. Сүңгуірлер балақайдың шарфын өзеннен тапқан және т.б.

Дегенмен, баланы іздеу жұмыстары жалғасуда. Сүңгуірлер өзеннің тереңірек орындарын қарай алу үшін Преображенский гидрожелісі арқылы суды жіберуге рұқсат алынды. Су деңгейі де төмендеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!