Алматыдағы арнайы операция: қару табылып, бес адам ұсталды

Фотография - Алматыдағы арнайы операция: қару табылып, бес адам ұсталды

Полиция қала алаңдарының маңынан заттар табылғанын айтып отыр

1055 0

Алматы полициясы арнайы операция өткізу барысында "Республика" мен "Астана" алаңдарының маңынан өртенгіш қоспасы бар шөлмектер, арматура қиындылары мен бензин құйылған канистраларды анықтаған, деп жазады Today.kz қалалық ІІД-ге сілтеме жасай отырып.

"Медеу ауданының екі пәтерінен бірнеше қару тәркіленді, соның ішінде Макаров пен "ТТ" тапаншасы, бірнеше шолақ мылтық, оларға бірнеше оқ-дәрі, төрт РГД-5 гранатасы және бес миллион теңге қаржы табылған. Күдікті ретінде бес адам ұсталып, құқық қорғау органына жеткізілді", - дейді полициядан.

Сотқа дейінгі тергеу амалы басталып кетті және ұсталғандардың таныстары іске қатысы барына тексерілуде.

Фото - Сурет: Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметіФото - Сурет: Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметіФото - Сурет: Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметіФото - Сурет: Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметіФото - Сурет: Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметіФото - Сурет: Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметіФото - Сурет: Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!