Кравченко: заңсыз шеру ұйымдастырмақ болғандар жауапкершілікке тартылды

Фотография - Кравченко: заңсыз шеру ұйымдастырмақ болғандар жауапкершілікке тартылды

Қазiрде шын мәнiнде қырыққа тарта адам әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды. Бiрақ, әлеуметтiк желiде 400-500 адам деген ақпарат жүр.

364 0

ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченконың айтуынша, ең бірінші кезекте барлық құқық қорғау органдары заңбұзушылықтардың алдын алу бағытында жұмыс істеп жатыр. Полиция да, прокуратура да 6 мамырға дейiн адамдарды жауапкершiлiкке тарту бойынша қатаң шаралар қолданбаған, деп хабарлайды Bnews.kz.

Бас прокурордың орынбасары құқық қорғау органдары үшiн бұл мәселенiң қоғамда, комиссияда сабырмен, эмоциясыз қаралғаны маңызды деп есептейді. Ол әлеуметтік желілер арқылы тарап жатқан ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын айтты.

"Қазiрде шын мәнiнде қырыққа тарта адам әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды. Бiрақ, әлеуметтiк желiде 400-500 адам деген ақпарат жүр. Бұл шындыққа сай келмейдi. Бiздiң мәлiмет бойынша осы адамдар бүгiнге белгiленген заңсыз акцияларға бастама көтеріп, ұйымдастырғаны анықталды", - дейді А.Кравченко.

Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, жауапкершілікке тартылған азаматтар рұқсат етілмегеніне қарамастан, заңсыз митинг өткiзуге әрекеттенген. Жұртты шеруге шақыратын үндеулер дайындап, әлеуметтік желілерде таратқан.

"Кеше полиция тиiстi мәлiмдемелер жасады. Кейбiр адамдар бұл заңсыз акцияға ерекше дайындалған. Мұндай азаматтармен әңгiме басқаша болады. Мұндай заңсыз әрекеттер үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiк қарастырылған. Оларға сот алдында өз позициясын қорғап, адвокат жалдауға мүмкiндiк берiлдi. Сондай-ақ бұл адамдар сот актiлерiне шағымдана алады", - дейді А.Кравченко.

Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, жауапкершілікке тартылғандардың кейбiрi өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып жүр. Жауапқа тартылғандардың ешбiрi прокуратура органдарына полицияның заңсыз әрекетiне шағым түсiрмеген. Оның айтуынша, азаматтарға қарсы тәртiп сақшылары күш қолданбаған. Егер мұндай шағымдар түсетiн болса, прокуратура олардың әрбiрiн қарастыруға дайын.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!