Қазақстанда рұқсат етілмеген митингтер болған жоқ - 21 мамыр 15:00 ақпараты

Фотография - Қазақстанда рұқсат етілмеген митингтер болған жоқ - 21 мамыр 15:00 ақпараты

ҚР ІІД брифинг өткізді.

6987 1

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция Комитетінің басқарушысы Игорь Лепеха брифинг барысында, 21 мамырда 15:00 уақытында келіп түскен ақпарат бойынша рұқсат етілмеген митингтер болған жоқ және де Қазақстанда полициямен қақтығыстар да болған жоқ, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

"Республика бойынша - бас прокурордың орынбасары айтқандай 40-қа жуық адам ұсталған. Бұл адамдар рұқсат етілмеген жиналыстарды ұйымдастырумен айналысқан. (...) Бүгінгілер бойынша - уақыт өте аз өтті сондықтанда нақты санды айта алмаймын. Қазір барлығын зерделеудеміз. Тек бір нәрсе ғана айта аламын  рұқсат етілмеген митингтер болған жоқ және де Қазақстанда полициямен қақтығыстар да болған жоқ. Қоғамдық тәртіп бұзушылыққа жол берілген жоқ", - деді Игорь Лепеха.

Бірнеше уақыттан соң ведомствоның баспасөз қызметі ақпаратты журналисттерге беретін болады, деп атап өтті.

"Алматыда  санкцияланбаған митинг болған жоқ. Жиналыс ұйымдастыру әрекеті байқалды, алайда оларда тарқатытылды. Бұл жерде адамдар саны оншалықты көп емес, шамамен 20-30-ға жуық адам ғана. Көпшілігі қарапайымадамдар болып шықты, олар митинг болатынын, митингтің рұқсат етілмегендігін, және де өз көздерімен көргісі, тыңдағысы келген азааттар болды, алайда олардың барлығы жіберілді",-деді Лепеха.

Естеріңізге сала кетейік, 21 мамырда "Бәйтерек" монументі маңында журналисттер тобы ұсталған. БАҚ өкілдерімен бірге Жер реформасы жөніндегі Комиссияның екінші отырысына қатыспай қалғанқоғам қайраткері Зәуреш Батталова болған. Журналисттерді полицейлер жіберген. 

Сонымен қатар Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко,Прокуратура әрдайым барлығына қатысты шара қолданатын болады, ол полицей болсын, ол прокурор болсын барлық заңбұзушыларға шара қолданады, деп мәлімдеме жасаған.



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Аты жөнім 21 мам. 2016

Ой шшщс өтірікті жібереді екен. Базар жоқ

Жауап беру