Іс түссіз жоғалған Эллина Кульдинаның денесі өзеннен табылды

Фотография - Іс түссіз жоғалған Эллина Кульдинаның денесі өзеннен табылды

Фото: today.kz

Суға тұншығып қайтыс болған қызды жергілікті балықшы тауып алған.

2990 0

Іс түссіз жоғалған Эллина Кульдинаның денесі өзеннен табылды, деп хабарлайды Today.kz қмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Бүгін сағат 20:50 де Нұра өзеніне балық аулауға шыққан ЖШС "Песчанный карьер" қызметкері суға батқан қыздың денесін тапты деп хабар түсті. Қыздың денесі жағадан алыс емес жерде таяқшаларға ілініп қалған. Қазір сүңгуірлер мүрдені өзеннен алып шықты. Эллина Кульдинаны жоғалған жерінен екі шақырым жерден табылды", - деді Today.kz тілшісіне Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің басшысы Гүлнара Пинчук.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысында екі жасар Эллина Кульдинаны іздеу жалрияланған. Қыз бала 10 мамыр күні Қабанбай батыр ауылынан асқан беттегі Нұра өзенінің маңында, отбасылық демалыс уақытында жоғалып кеткен. Полиция қыздың жоғалып кеткен күнгі түсірілген суретті ұсынған.

Балақайды іздеуге полиция, сүңгуірлер мен көптеген еріктілер тартылды.

Сонымен қатар, 20 мамыр күні ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчуктің хабарлауынша, ата-анаға қатысты ҚР ҚК 141-бабы "Балалардың өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін қамтамассыз ету міндетін дұрыс атқармау" бойынша іс қозғалған



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!