Табылған 11-жасар Жамал Бекетова бірнеше рет үйінен кетіп қалған

Фотография - Табылған 11-жасар Жамал Бекетова бірнеше рет үйінен кетіп қалған

фото Астана қ. ІІД баспасөз қызметінен

Қыздың неге қашып кеткені жайлы полициядағылар айтып берді.

6003 0

Астана қалалық ІІД табылған 11-жасар Жамал Бекетованың не себепті жоғалғаны туралы айтып берді. Естеріңізге сала кетейік, 19 мамырда белгісіз жағдайда мектеп оқушысы жоғалып кеткен болатын, деп хабарлайды Today.kz.

"Комплекстік жылдам-іздестіру жұмыстары барысында іс түссіз жоғалған Жамал Бекетованың қайда екендігі анықталды. Ол Астананың Железнодорожный елдімекенінде табылған. Қызға ешқандай зиян келмеген. Қазіргі кезде Астана қаласының "Алматы" ауданының ІІБ ювеналды полиция қызметкерлері қызды ата-анасына тапсырды. Тексеріс барысында, қыз бұрындары да бірнеше рет үйінен кетіп қалған, соған орай полиция қызметкерлері қыздың ата-анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізген",- дейді полициядағылар.

Ертеректе айтылғандай, кәмілет жасына толмаған қызды іздеу ІІД басшылығы бақылауна алынған.Қызды іздеуге полиция мен еріктілер жұмылдырылған. Қыз жоғалған күннің ертесіне куәгерлер "Қазақстан" спорт комлексінің маңайынан Жамалға ұқсас велосипед теуіп жүрген қызды көрген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!