Элина Кульдинаны іздеген волонтерлер қызбен оқыс оқиға орнында қоштасты

Фотография - Элина Кульдинаны іздеген волонтерлер қызбен оқыс оқиға орнында қоштасты

Фото: today.kz

Эллинаның құрметіне 30-ға жуық адам шырақ жағып өзенге гүлдердің жапырақтарын жіберді.

5273 0

Нұра өзенінің бойында, 10 мамырдан бері жүзге жуық еріктілермен ТЖ қызметкерлері тәулік бойы Эллина Кульдинаны іздеумен болған. Сол адамдар гүл шоқтарын қойып, шырақ жақты. Мұндай іс-шараны баланың өміріне немқұрайлы қарамайтын біраз адам жасады, деп хабарлайды Today.kz.

Нәрестені еске алу үшін 30 волонтер жиналды. Жас адамдар Эллинаның суретін іліп алтарь жасап, ойыншықтар әкеліп еске алу шырақтарын жақты. Сосын волонтерлар өзенге раушан гүлінің күлтесін суға ағызды.

Келіп түскен ақпарат бойынша, нәрестені жерлеу рәсімі ертең Астанада таңғы сағат 10-да өтеді. Эллинаның туыстары барлық тұрғындарға іздеу-құтқару жұмыстарына қатысқаны үшін алғыс білдірді. 
Эллина Кульдинаның денесін 21 мамыр күні жергілікті балықшы тауып алған. Оның денесін Қошқарбаев ауылынан төрт шақырым жерден Нұра өзенінен тапқан.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысында екі жасар Эллина Кульдинаны іздеу жалрияланған. Қыз бала 10 мамыр күні Қабанбай батыр ауылынан асқан беттегі Нұра өзенінің маңында, отбасылық демалыс уақытында жоғалып кеткен. Полиция қыздың жоғалып кеткен күнгі түсірілген суретті ұсынған.

Балақайды іздеуге полиция, сүңгуірлер мен көптеген еріктілер тартылды.

Сонымен қатар, 20 мамыр күні ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчуктің хабарлауынша, ата-анаға қатысты ҚР ҚК 141-бабы "Балалардың өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін қамтамассыз ету міндетін дұрыс атқармау" бойынша іс қозғалған



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!