ОҚО-да екі аптадан кейін Әйгерім Оспанбекованың денесі табылды

Фотография - ОҚО-да екі аптадан кейін Әйгерім Оспанбекованың денесі табылды

Қыздың денесінен зорлықпен өлтіру іздері анықталған

1440 0

Екі апта бұрын жоғалып кеткен 18 жасар студент қыз Әйгерім Оспанбекованың денесі Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданынан табылды. Бұл туралы Сарыағаш ауданының прокуроры Нұрғали Асқанбаев мәлімдеді, деп жазады Today.kz

Прокурордың сөзінше, қыздың денесінен зорлықпен өлтіру іздері анықталған. 24 мамыр күні Әйгерімді жерге тапсырады.

Естеріңізге салсақ, 10 мамырда Сарыағаш аудандық ішкі істер бөліміне Сүннет Оспанбеков қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Әкесінің куәлігінше, 10 мамыр күні сағат 15:00-де Әйгерім Жаңатұрмыс ауылынан Шымкентке қарай шыққан. Жолда Әйгерім жатақханадағы көрші қызына хабарлама жазып, жүргізушіден қорқып отырғандықтан күтіп алуын сұраған.

ІІД, ІІАБ, криминалды полиция қызметкерлерінен іздеу тобы құрылды. Іздеу жұмыстары нәтиже бермегендіктен 16 мамыр күні іс ҚР ҚК 99-бабы "Адам өлтіру" деп ауыстырылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!