Қызылордада бір көлікті алты рет сатқан алаяқ ұсталды

Фотография - Қызылордада бір көлікті алты рет сатқан алаяқ ұсталды

Қызылордада талайды тақырға отырғызған алаяқ қолға түсті.

176 0

Бірнеше адамды сан соқтырған күдікті аңғал адамдарды алдап соғып, аты бар да, заты жоқ көлік пен iPhone смартфонын сырттай саудаға салған. Тұтылған тұрғындар қалтасы қағылған соң полицияға хабар берген. Қазір қамауда отырған 34 жастағы алаяқтың 16 қылмыстық іске қатысы бары анықталды. Шығын көлемі бір миллион теңге шамасында. Іс материалдары енді соттың қарауына жіберіледі. Жыл басынан бері Қызылорда қаласында осыған ұқсас 410 қылмыс тіркелген. Дегенмен өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда өңірдегі қылмыс саны 30%-ға кеміген.

Әзиз Шағыров, қалалық ІІБ криминалды полиция бөлімінің бастығы:
 - Өзінің Audi автокөлігін сатамын деп 150 мың теңге ақшасын алып, «қазір кілт кепілде жатыр» деп бір үйге алып барып, екінші жерден шығып, қашып кеткен. Сол бойынша жұмыс істеп, осы күнге дейін дәл сол автокөлікке қатысты 6 факті тіркелген. Оның үстіне тағы да 10 факті iPhone ұялы телефонына қатысты тіркеліп, бас-аяғы 16 факті қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, дәлелденіп, сотқа жолданады.

24.kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!