Теміртауда жоғалып кеткен Владислав Шеллер туралы жалған ақпарат беруші сотталды

Фотография - Теміртауда жоғалып кеткен Владислав Шеллер туралы жалған ақпарат беруші сотталды

Әйел адам танысын жақтырмағандықтан үстінен жала жапқан

296 0

2015 жылы желтоқсан айында жоғалып кеткен Владислав Шеллер туралы жалған ақпарат берген Теміртау тұрғыны сотталды, деп жазады Today.kz қала прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Теміртау тұрғыны 102 нөмірініе анонимді түрде қоңырау шалып, Теміртаудың барлық тұрғындары мен еріктілер 29 желтоқсаннан бері іздеп жүрген Владислав Шеллердің таныс әйелінің қорасында екенін айтқан. Жедел-тергеу тобы бірден айтылған мекенжайға шыққан. Ештеме расталмады. Кейін қоңырау шалған әйелдің тұлғасы анықталды. Сұрау алу барысында ол танысының үстінен жақтырмағаны үшін жала жапқанын мойындаған", - дейді Теміртау прокурорының орынбасары Рустам Тәнішпеков.

Әйел адам ҚР ҚК 240-бабының 1-тармағы "Сотқа дейінгі тергеу барысында жалған куәлік беру" бойынша айыпталып, екі жылға бостандығы шектеледі.

Естеріңізге салсақ, Владислав Шеллер 2015 жылдың 29-шы желтоқсанында жоғалып кеткен. Балақай үйден шығып, сол күйі оралмаған. Баланы іздеу әлі де жалғасып жатыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!