Шекарашы офицер екі баланы өрттен құтқарып қалды

Фотография - Шекарашы офицер екі баланы өрттен құтқарып қалды

Түтін арасынан терезені ұрғылап тұрған екі баланы аңғарады

706 0

Кеше шекарашы, майор Мақсат Рысдаулетов түскі астан келе жатып, жол бойындағы көп қабатты үйдің төртінші қабатынан шығып жатқан өрттен екі баланы құтқарып қалды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметінен.

Төтенше жағдайды көрген М.Рысдәулетов бірден төртінші қабатқа көтеріліп, көрші үйдің балконы арқылы өтіп, ер бала мен қыз баланы тілсіз жаудан құтқарып қалды. Өрт сөндірушілер келгенше отты ауыздықтауға кіріскен.
Балаларды анасына аман-есен табыстаған шекарашы азаматтық міндетін мүлтіксіз орындауға қашанда дайын екендігін айтады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!