Ақмола облысында мас күйеуін пышақтап өлтірген әйел сотталды

Фотография - Ақмола облысында мас күйеуін пышақтап өлтірген әйел сотталды

Қорланған әйел масаң күйде пышақпен жубайына соққы жасаған

316 0

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты күйеуінің өліміне кінәлі әйелге  қатысты қылмыстық іс қарады, деп хабарлайды Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі

Сот анықтағандай, ер азамат масаң күйде жұбайын қызғаныш салдарынан ұрған. Қорланған әйел масаң күйде пышақпен жубайына соққы жасаған. Алған дене жарақатынан ер азамат қылмыс орнында қайтыс болды.

Сот үкімімен әйел адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен ("Адам өлтіру") қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған жалпы режимдегi түзеу колониясында жазасын өтеумен 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!