Жамбыл облысының тұрғынынан 6 келіден аса есірткі заттарын тәркіледі

Фотография - Жамбыл облысының тұрғынынан 6 келіден аса есірткі заттарын тәркіледі

Сараптама қорытындысы бойынша оның салмағы 6 келі 700 граммды құрайтын "марихуана" есірткі заты екендігі анықталды.

141 0

Көлік полицейлері Жамбыл облысының тұрғынынан 6 келіден аса есірткі заттарын тәркіледі, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі. 

Шу стансасындағы Желілік полиция бөлімінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі қызметкерлері "Допинг" жедел-профилактикалық іс- шарасының барысында қызметтік-іздестіру итінің қөмегімен, "Шу-Құмөзек" өткелінде, Жамбыл облысы Шу қаласының 25 жастағы тұрғынын ұстады.

Тексеру барысында одан өзіндік иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат табылып, тәркіленіп алынды. Сараптама қорытындысы бойынша оның салмағы 6 келі 700 граммды құрайтын "марихуана" есірткі заты екендігі анықталды.

Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК-нің 296 бабы бойынша (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) тіркелді.

Қазіргі уақытта күдікті Жамбыл ст. Ішкі істер желілік басқармасының Шу стансасындағы ЖПБ-нің уақытша ұстау изоляторына отырғызылды. Тергеу амалдары жүргізілуде. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!