Астанада жоғалып кеткен мектеп бітірушісі түні бойы құрбысының үйінде болған

Фотография - Астанада жоғалып кеткен мектеп бітірушісі түні бойы құрбысының үйінде болған

Бұл ақпаратты қалалық ІІД баспасөз қызметі растады

513 0

Астанада №31 мектеп-гимназиясының бітірушісі Әйгерім Сұлтанова табылды. Бұл ақпаратты қалалық ІІД баспасөз қызметі растады, деп жазады Today.kz.

"Қыз балада бәрі жақсы. Аман-сау, туыстарымен кездесті. Түні бойы құрбысының үйінде қонақта болған, телефонының батареясы отырып қалып, сол себепті туыстарын ескерте алмаған. Әйгерім Сұлтанова  кәмелетке толмағандықтан, бұл ісі үшін жауапкершілікке тартылмайды", - дейді баспасөз қызметінен.

Естеріңізге салсақ, 26 мамырда бітіруші қыздың жоғалып кеткенін туыстары хабарлаған. Олардың айтуынша, қыз бала соңғы қоңырау салтанатынан кейін бірден жоқ болып кеткен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!