Ермегияев ісі бойынша кінәсін мойындаған 12 айыпталушының ісі бөлек қаралады

Фотография - Ермегияев ісі бойынша кінәсін мойындаған 12 айыпталушының ісі бөлек қаралады

Келесі сот отырысы 30 мамырға белгіленді.

502 0


"Астана ЭКСПО-2017" көрмесіндегі жымқырулары бойынша істе 12 айыпталушы кінәсін мойындап процесуалды келісімге қол қойғандықтан, оларға қатысты бөлек сот ісі жүргізіледі. Бұл туралы сот отырысы барысында судья Әділхан Шайхисламов мәлім етті, деп жазады Today.kz

Қаулы жария етілгеннен кейін 12 айыпталушының қорғаушылары сот залынан шықты, келесі сот отырысы 30 мамырға белгіленді.

Кінәсін мойындаған 12 айыпталушының ісін басқа судья қарастыратыны айтылды.

Кінәсін мойындап прокурормен келісімге келгендер:

1)     Серік Найзабеков ("Құрылыс консалтинг" Ұлттық орталығы" директоры міндетін атқарушы)

2)     Сергей Ильин (ресми түрде жұмыссыз)

3)     Нұрлан Ақпамбетов (Southfork Ltd ЖШС бас директоры)

4)     Қажымұрат Үсенов (ЭКСПО құрылыс департаментінің бұрынғы жетекшісі)

5)      Самат Сардарбеков (Dos Group ЖШС директоры)

6)      Алпысбек Тілекметов ("Компания АДС" ЖШС президентінің кеңесшісі)

7)     Марс Шорманов ("Компания АДС" президенті)

8)      Ренат Ақылбаев (Алматы Еуразиялық Технологиялық Университеті доцентінің міндетін атқарушы)

9)     Ерлан Тілеуов ("Петроспек" ЖШС директоры)

10) Сеиіт Сеиітов (Southfork ltd ЖШС атқарушы директоры)

11) Талғат Сағындықов ("Ирбис Транс ЛТД" ЖШС, SS Electric Indastry ЖШС директоры)

 12) Вячеслав Пягай (Southfork ltd ЖШС филиалының директоры)

ЭКСПО-2017 көрмесіндегі ақша  жымқыру ісі бойынша 23 айыпталушының 12 өз кінәләрін толық мойындап, прокурормен процесуалдық келісім арқылы өз жазаларын жеңілдетпек ниетте, тағы екі айыпталушы кінәләрін жартылай мойындады. Ал ұлттық компанияның бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев кінәсін мойындамады.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!