Поезда өзімен бірге аса ірі көлемде есірткі алып бара жатқан ер адам ұсталды

Фотография - Поезда өзімен бірге аса ірі көлемде есірткі алып бара жатқан ер адам ұсталды

Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

208 0

26 мамырда Луговая стансасындағы Желілік полиция бөлімінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі қызметкерлері "Допинг" жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында, "Мэрли" лақап атты қызметтік-іздестіру итінің қөмегімен, "Тәтті-Құрағатты" өткелінде Жамбыл облысының 37 жастағы тұрғынын ұстад, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Тексеру барысында одан өзіндік иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат табылып, тәркіленіп алынды.

Сараптама қорытындысы бойынша оның жалпы салмағы 252 келі 300 граммды құрайтын «кептірілмеген марихуана» есірткі заты екендігі анықталды.

Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК-нің 296 бабының 4 тармағы бойынша (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) тіркелді.

Күдікті Луговая стансасындағы ЖПБ-нің уақытша ұстау изоляторына отырғызылды.

Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Еске сала кетейік, Көліктегі ІІД-нің қызмет көрсету аумағында ағымдағы жылғы 23 мен 27 мамыр аралығында "Допинг" жедел-профилактикалық іс-шарасының ІІ-кезеңі өткізілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!