Ағылшынша сөйлеуді оқытудың инновациялық технологиялары

Фотография - Ағылшынша сөйлеуді оқытудың инновациялық технологиялары

Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс.

556 0

Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шыңдауға бет бұрады. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Себебі, еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты оқып тәрбиелеу–біздің басты борышымыз. Сондықтан, мектептің мәселесі дұрыс таңдалып мектеп басқару, сапалы білім беру, нәтижеге жету үшін әрбір атқарылған істің жан-жақты ойластырылған, нақтыланған, үйлестірілген, стратегиялық жұмыс жоспары жасалуы тиіс. Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Осыған орай, ағылшын тілін тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етуінің алғышарты – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданылуы болып табылады. Жер шарын мекендеген мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне – халықаралық сипат алған ағылшын тілінің рөлі зор. Ағылшын тiлiн үйрену арқылы оқушылар бiлiм деңгейiн көтерiп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшелiктердi ажыратуға дағдыланады. Сөйтіп, өз пiкiрi қалыптасады, түрлi елдер мәдениетiн үйренедi. Қазақстандағы жалпы білім беретін мектепті жаңарту ауқымындағы ең бір елеулі инновациялық шешімдерінің бірі оның ерте жастан шет тілді оқып, шет тілін оқуда шетелдік оқу әдістемелік кешендерін енгізу болып табылады. Шет тілін мектепте оқытудың шарттарын ескере отырып, оқушылардың мектепті бітіргенннен кейін де шет тілін оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыруға мән берілуі тиіс. Осыған орай, шетел тілін мектепте оқытудың практикалық мақсатын жүзеге асырудың алғышарты- оқыту әдіс- тәсіліне, коммуникативтік бағдар беруге назар аударылады.

* "Тілдердің үштұғырлығы" мәдени жобасы идеясының авторы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Ең алғаш рет бұл идея 2006 жылғы қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында айтылған болатын. Үштұғырлық идеясы мынадай қарапайым және түсінікті формуладан тұрады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін оқимыз. Азаматтардың үш тілді игеруіне бағыт ұстаған Қазақстан қазіргі күнгі жағдайды ескереді: тілдердің үштұғырлығы елдің бәсекелестік қабілетінің көрінісі болып табылады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!