МС Сайлаубекке қастандық жасалды деген ақпаратқа ІІД күдікпен қарайды

Фотография - МС Сайлаубекке қастандық жасалды деген ақпаратқа ІІД күдікпен қарайды

Фото: today.kz

Әртіс әзірше құқық қорғау органдарына арыз түсірген жоқ.

3321 0

Полиция БАҚ беттеріне шыққан қазақстандық рэпер МС Сайлаубектің оққа ұшты деген ақпаратын тексеруде, деп хабарлайды Today.kz Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Орындаушы әзірге құқық қорғау органдарына және мемлекеттік ауруханаға да түспеген.

"БАҚ беттерінде жарияланған МС Сайлаубекке қатысты оқыс оқиғаға байланысты ішкі істер департаменті тексеру жұмыстарына кірісті. Тексеріс нәтижесінде жоғарыда аталған азамат Алматы қаласының полициясына шағымданбаған және қалалық ауруханалардың ешқайсысына түспеген. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда", - делінген хабарламада.

Полицейлер, қоғамда шындыққа жанаспайтын мәліметтер таралғанын анықтауды мақсат етуде және осының нәтижесінде ҚР заңнамасына сәйкес шара қолданылады.

Естеріңізге сала кетейік, МС Сайлаубекке шабуыл жасалған болатын. Бұл туралы ақпарат 29 мамырда әлеуметтік желіде тараған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!